Мектеп оқулықтары мен ОӘК сараптамасы

Мектепке дейінгі, бастауыш және қоғамдық-гуманитарлық оқу басылымдарын сараптау бөлімі

Мектепке дейінгі, бастауыш және қоғамдық-гуманитарлық оқу басылымдарын сараптау бөлімі сараптаманы ұйымдастыруды және жүргізуді тікелей жүзеге асыратын орталықтың негізгі құрылымдық бөлімшелерінің бірі болып табылады. Бөлім ерекшелігі - сараптама жұмысының мектепке дейінгі және бастауыш жастағы білім алушылар мен олардың мұғалімдеріне арналған оқу басылымдарының сапасын тексеруге бағытталуында. Сонымен бірге осы бөлім негізгі (5–9-сынып) және жалпы орта (10–11-сынып) мектептің негізгі бөлігін құрайтын гуманитарлық пәндерге арналған оқулықтар мен ОӘК-лерді тексеру жұмыстарын ұйымдастырады.

Бөлім мамандары өз пәні/пәндері бойынша Орталықтың базасына енген сыртқы сарапшылармен жұмыс істейді. ҚР БҒМ-нің 2012 жылғы 24 шілдедегі № 344 бұйрығына сәйкес әрбір оқулық пен оған ілескен ОӘК-лерге (әдістемелік құрал, оқушының жұмыс дәптері, т.б.) 3 сыртқы сарапшы (1 ғалым және 2 мектеп мұғалімі) тартылады. Орталықтың жауапты сарапшысы олардың қызметін үйлестіреді.

Жаратылыстану-математикалық және мәдениеттану оқу басылымдарын сараптау бөлімі

Жаратылыстану-математикалық және мәдениеттану пәндерінің оқу басылымдарын сараптау бөлімі сараптаманы ұйымдастыру және өткізуді тікелей іске асыратын басты бөлімнің бірі. Бөлімнің сараптамалық жұмысы негізгі (5–9-сынып) және жалпы орта (10–11-сынып) мектептің оқушылары мен мұғалімдеріне арналған жаратылыстану-математикалық және мәдениеттану оқу басылымдарының сапасын тексеруге бағытталған.

Мәдениеттану цикліне гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағытқа жатпайтын, оқушылардың дене және эстетикалық тұрғыдан дамуына бағытталған пәндер кіреді. Атап айтқанда, музыка, дене шынықтыру, көркем еңбек, еңбекке баулу, бейнелеу өнері және т.б.

Бөлім мамандары өз пәні/пәндері бойынша Орталықтың базасына енген сыртқы сарапшылармен жұмыс істейді. ҚР БҒМ-нің 2012 жылғы 24 шілдедегі № 344 бұйрығына сәйкес әрбір оқулық пен оған ілескен ОӘК-лерге (әдістемелік құрал, оқушының жұмыс дәптері, т.б.) 3 сыртқы сарапшы (1 ғалым және 2 мектеп мұғалімі) тартылады. Орталықтың жауапты сарапшысы олардың қызметін үйлестіреді.

Электрондық оқу басылымдарын сараптау және ақпараттық технологиялар бөлімі

Бөлім қызметінің мақсаты – мазмұны Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мен Үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес келетін, интерактивті, мультимедиялық және т.с.с. мүмкіндіктері бар цифрлық білім беру ресурстарын функциялық-техникалық сараптамадан өткізу.

Баспалармен байланыс және сараптаманы жоспарлау бөлімі

Бөлім мемлекеттік сараптамаға жататын оқу басылымдары мен сараптама көлемін жоспарлаумен айналысады; авторларға және авторлық ұжымдарға сараптамалық қорытынды беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді; оқу басылымдарының жобаларын қабылдап, оларды базада тіркейдi, оқулықтарды сараптаманың барлық кезеңдерінде иесіздендіредi, сондай-ақ макеттердің сыртқы сарапшыларға жеткізілуін қадағалайды.

Пәндік сараптама комиссиясы

Пәндік сараптау комиссиясы (ПСК) - оқу басылымдарының жобасын мақұлдау немесе мақұлдамау туралы түпкілікті шешім қабылдау үшін сертификатталған сыртқы сарапшылар қатарынан құрылатын, тиісті пәндер мен оқыту тілдері бойынша бөлінетін уақытша комиссия. ПСК мүшелері ұсынылған макеттердi салыстыра отырып, олардың міндетті критерийлер мен талаптарға сәйкестігін тексеріп, тәуелсіз шешім қабылдайды. Оқу басылымдары мақұлданған жағдайда, олар ПСК отырысының хаттамасы негізінде ҚР БҒМ 2022 жылғы 22 мамырдағы № 216 бұйрығына енгізіледi.