Сараптаманы ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу

ОҚУЛЫҚТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ

Оқулықтану мәселелерін зерттеу бөлімі – Орталықтың оқу материалдары мен бағдарламаларды зерттеуге, талдауға және бағалауға арналған бөлімшесі. Бөлім мамандары гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржы негізінде ғылыми-техникалық жобаларды іске асыруға қатысады; мектеп оқулықтарының мазмұнын сараптау және ұлттық сарапшылардың әлеуетін арттырудағы теория мен тәжірибе мәселелері бойынша шетелдік академиялық және ғылыми ұйымдармен ынтымақтастықты сүйемелдейді.
Бөлім оқулықтардың, ОӘК және үлгілік оқу бағдарламаларының сыртқы сарапшылары үшін оқыту курстарын ұйымдастырып өткізеді. Оқу басылымдарына сараптама жүргізу тәртібін талдау және зерттеу негізінде бөлім Орталық қызметін реттейтін нормативтік және ұйымшілік актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді.