Басшы ықыласы

  • Білім мазмұнын сараптау орталығының ресми сайтына қош келдіңіз!

    Біздің орталықтың негізгі міндеті – мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің мазмұнына қойылатын талаптарды бекітіп, сараптама жүргізу және білім алушылардың сапалы оқулықтармен қамтамасыз етілуін қадағалау, сондай-ақ олардың заманға сай электронды оқулықтармен білім алуына жағдай жасау.
  • Біздің сайт арқылы сіз мектеп оқулықтарына, электронды оқулықтарға, мектепке дейінгі ұйымдардың оқу-әдістемелік кешендеріне және орталықтың қызметіне, тыныс-тіршілігіне қатысты соңғы ақпараттарды ала аласыз.
  • Егер оқулықтардың, ОӘК-дің мазмұны мен сапасына қатысты тілектеріңіз, қосымша ұсыныстарыңыз, шағымдарыңыз немесе сауалдарыңыз болса біз кері байланысқа шығуға және ұсыныстарды қабылдауға дайынбыз!
  • Айта кетейік, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің арнайы тізбесіне бүгінде 20-дан астам баспа үйінің оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендері енген. Бұл басылымдарды еліміздің 7,5 мыңға жуық мектебіндегі 3,5 млн-нан астам оқушы мен 385 мың мұғалім күнделікті пайдаланады.
  • Ізгі ниетпен,
    BMSO директоры Абдрахманова Назира Кабдоллаевна