Миссиямыз

Біз не үшін құрылып, не үшін жұмыс істеудеміз?

Миссиямыз

Оқу процесін сапалы да, тиімді жүргізуге, оның деңгейін арттыруға мүмкіндік беретін, халық ішінде көпке түсінікті жазылған оқу әдебиеттерін мақұлдау. Баспалар мен авторлық ұжымдарды сараптама арқылы сапалы әрі қажетті оқу әдебиеттері мен оқыту құралдарын әзірлеуге бағдарлау

Кім болғымыз келеді?

Пайымымыз

Білім алушылар мен педагогтерді ұлттық құндылық пен мүдде негізіндегі өзекті, әр алуан, сапалы білім ресурстарымен қамтамасыз ететін, бетке ұстар сараптамалық ұйым. Оқу бағдарламалары мен басылымдарын бағалау саласындағы жоғары білікті сарапшыларды біріктіретін, сенімді платформа

Біз үшін не маңызды?

Құндылықтарымыз

Ұлтжандылық – біз қызметіміз арқылы Отанымызды көркейтуге тырысамыз.

Кәсібилік – біз қызметімізді оқулықтанудағы үздік халықаралық стандарттарға сай орындау керек деп есептейміз, ол үшін біліктіліктімізді ұдайы арттырамыз және өзекті мәселелерді заманауи әдістермен зерттеуден жалықпаймыз.

Әділдік – біз кез келген кәсіби шешімді еліміздің білім алушылары мен педагогтерінің тағдырын ойлап қабылдаймыз.

Ыждағаттылық – біз қызметіміздің нәтижесін жетік етуге барымызды саламыз.

Автономдық – біз өз құзырымыз шеңберінде шешім қабылдауда дербеспіз және сарапшыларымыздың дербестігі мен құпиялылығының сақталуына ерекше мән береміз.

Ниеттестік – біз ұйымымыздың және әрбіреуіміздің өсіп-өнуіне тілеулеспіз, жұмыстағы қиындықтарды талқылап, келісіп шешеміз; бір-бірімізге жылы қабақ танытуды жұмыстың міндетті шарты деп есептейміз.

Есептілік – біз жұмысымыздың нәтижесі үшін қоғам мен мемлекет алдында есеп беруге үнемі дайынбыз.