МЕМЛЕКЕТТІК МЕКТЕПТЕРДІ ОҚУЛЫҚТАРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МОНИТОРИНГІ

Оқулықтармен қамтуды талдау мен мониторингтеу бөлімі

Оқулықтармен қамтуды талдау мен мониторингтеу бөлімі ҚР БҒМ 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 91 бұйрығына сәйкес мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының 1-11 сынып оқушыларын оқулықтармен және ОӘК-мен қамтамасыз етудің жыл сайынғы мониторингін, сондай-ақ жаңадан әзірленген оқулықтарды сынақтан өткізу процесін ұйымдастырады.

ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес мектеп оқушылары жыл бойы барлық пәндер бойынша оқулықтарды тегін пайдаланады. Мектеп кітапханаларының қоры сараптамадан өткен жаңа оқулықтармен, ескі немесе жоғалған оқулықтардың орнына алынған кітаптармен және контингент өсіміне қарай қосымша сатып алынған оқу кітаптарымен толығады. Мектептердің оқулықтарға қажеттілігін болжау, оларды сатып алу және жеткізу жергілікті атқарушы органдардың құзырында.

Кері байланыс