2026 Жаңа жылыңызбен! Жыл берекелі болсын ✨

Тақырыптық жоспарға өтінім жіберу бойынша нұсқаулық

Төменде өтінім берудің қадамдық әрі түсінікті нұсқаулығы берілген.

Нұсқаулық

Мектеп оқулықтарын әзірлеушілер мен баспалар назарына

Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы 2026 жылға арналған тақырыптық жоспарға өзгертулер мен толықтыруларды енгізу жұмыстарын 2025 жылдың 25 желтоқсан – 5 қаңтар аралығында жүргізеді.

Тақырыптық жоспарға 1, 5 сынып оқулықтарымен толықтырылады.

Оқулықтар мен ОӘК-лерді дайындау, сараптау, басып шығару Қағидаға (ҚР БҒМ-нің 24.07.2012 жылғы №344 бұйрығы) сәйкес, ал олардың құрылымы мен мазмұны Талаптарға (ҚР БҒМ 05.04.2022 жылғы №132 бұйрығы) сәйкес әзірленеді.

Өтінім беру мерзімі
2025 жылдың 25 желтоқсаны - 2026 жылдың 5 қаңтары қоса алғанда
Кімдер береді
Баспалар және әзірлеушілер
Сыныптар
1,5
Аккаунтыңыз болса — «Кіру», болмаса — алдымен «Тіркелу» батырмасын басыңыз.
Қадамдық нұсқаулық
1

Кіру (авторизация)

«Кіру» батырмасын басып, жүйеге кіріңіз. Аккаунтыңыз жоқ болса — тіркеліңіз.

2

Өтінім құру

Жеке кабинетке өтіп, тақырыптық жоспарға өтінім беру бөлімін таңдаңыз.

3

Мәліметтерді толтыру

Міндетті өрістерді толтырып, ақпараттың дұрыстығын тексеріңіз.

4

Файлдарды тіркеу

Қажетті құжаттарды/материалдарды жүктеп, файлдардың тіркелгенін тексеріңіз.

5

Жіберу

«Жіберу» батырмасын басыңыз. Жіберілгеннен кейін өтінім өңдеуге қабылданады.

6

Мәртебені бақылау

Өтінім мәртебесін жеке кабинеттен қадағалаңыз. Қажет болса түзетіп қайта жіберіңіз.

Ескерту: нақты өрістер мен құжаттар тізімі оқулық/ОӘК түріне және талаптарға байланысты.
Байланыс
Қосымша сұрақтарыңыз болса, жұмыс уақытында хабарласыңыз:
+7 (7172) 76 90 57