ҒАНИ БЕЙСЕМБАЕВ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНЕ ҚАРАСТЫ ВЕДОМСТВОЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ҰЖЫМДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ведомствоға қарасты ұйымдардың ұжымдарымен кездесу өткізді. Онда 2024 жылы министрліктің алдына қойылған өзекті мәселелер мен міндеттер қаралды.
2023 жылы атқарылған жұмыстар туралы Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының, А.Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» білім беруді зерттеу және бағалау ұлттық орталығы мен Білім беру мазмұнын сараптау республикалық ғылыми-практикалық орталығының басшылары баяндама жасап, есеп берді.
Мәселен, 2023 жылдың қорытындысы бойынша шағын жинақты мектептердегі оқыту сапасын арттыруға бағытталған жүйелі жұмыс басталды. Естеріңізге сала кетейік, Оқу-ағарту министрлігі Ақтөбе облысының әкімдігімен бірлесіп шағын жинақты мектептерді дамыту мақсатында пилоттық жобаны іске қосты. Сонымен қатар, мектептерде «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» ұлттық тәрбие тұжырымдамасы әзірленіп, енгізілді. Әдістемелік орталықтардың құрылымы мен мазмұны өзгертілді. Педагогтар мен мектептердің қызметін құрылымдау үшін 142 әдістемелік әзірлемелер дайындалды. Бұл өткен жылдардағы көрсеткіштен 2,5 есе артық.
100 мыңнан астам педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Оның 62% - ы ауыл мектептерінің мұғалімдері. Сонымен қатар, мектепке дейінгі ұйымдардың 12 мыңға жуық педагогы өздерінің кәсіби құзыреттерін арттырды. Білім беру ұйымдарының 90 мыңға жуық қызметкері қысқа мерзімді курстардан өтті.
Мемлекет басшысының оқу материалдарын цифрлық форматқа көшіру жөніндегі тапсырмасын іске асыру бойынша кешенді жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі таңда электронды оқулықтармен қамтамасыз ету 95,5% - ға жетті.
Өткен жылы министрлік «Балабақшадағы кезекті есепке алудың бірыңғай базасын» әзірлеген болатын. Жоба Шахтинск және Петропавл қалаларында пилоттық режимде іске қосылды. Ол мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау кезінде барлық сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға бағытталған. Педагогтерді жұмысқа қабылдау және аттестаттаудан өту кезінде ашықтықты қамтамасыз ететін және қағаз құжат айналымын болдырмайтын ұлттық білім беру дерекқоры жаңғыртылуда.
1413 білім беру ұйымдарында 4 зерттеу жүргізілді. Оның ішінде TIMSS, ICILS, PBTS, TALIS. 2 тапсырма жинағы дайындалды және PISA нәтижелері бойынша ішінде аймақтарға арналған әдістемелік ұсыныстар бар ғылыми мақала жарияланды.
🎯Жиын соңында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев 2024 жылға ведомствоға қарасты ұйымдардың алдына қойылған міндеттерді белгіледі. Бірінші кезекте білім беру сапасын арттыруға, менеджментті нығайтуға, оқу бағдарламаларын жаңартуға және ауыл мектептерін қолдауға, сондай-ақ педагогтарды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру тәсілдерін жетілдіруге бағытталған. Айта кетейік, ведомстволық бағынысты ұйымдардың ұжымдарымен кездесулер алдағы уақытта да жалғасады.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Статистика и объявления
Продвигать публикацию
 
Все реакции:
Вы и ещё 6
 
 
Артқа қайту

Өзекті жаңалықтар

Еліміздің пилоттық мектептерінде жаңа оқулықтар сынақтан өтті

Еліміздің алты өңірінде жаңа оқулықтарды сынақтан өткізу сәтті аяқталды. Сынаққа 31 мектеп, 118 мұғалім және 35 380 оқушы қатысты. Сынақтың басты мақсаты – жаңа бағдарлама негізінде жасалған 4-сыныпқа арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің күшті және әлсіз жақтарын анықтау болды. Сынақ аясында «Бейнелеу өнері», «Еңбекке баулу», «Орыс тілі» (оқыту орыс тілінде емес), «Шетел тілдері» (ағылшын, неміс, француз) және «Цифрлық сауаттылық» (электрондық оқулық) пәндері бойынша оқулықтар бағаланды. Орталық қызметкерлері Ақмола, Абай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Астана қаласындағы пилоттық мектептерде өткізілген сабақтарға қатысты. Сонымен қатар, оқушылар және әдістемелік кеңестермен сұхбаттар ұйымдастырылды. Мұғалімдердің барлық ескертулері мен ұсыныстары алдағы уақытта мұқият талданып, ескерілетін болады.

Толығырақ

07.10.2024

Халықаралық қарттар күні!

🫂Халықаралық қарттар күні мерекесі аясында Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы ұжымы орталық ардагерлерін мерекелерімен құттықтап, сый-сияпат жасады.

Толығырақ

03.10.2024

Оқулықтарды талқылауға арналған кездесу өтті

Бүгін Республикалық ғылыми-практикалық білім  мазмұнын сараптау орталығында  электронды және қағаз  оқулықтарды сараптау және мониторинг жүргізудің өзекті мәселелері талқыланған маңызды отырыс өтті. Отырысқа қатысушылар оқулықтардың артықшылықтары мен кемшіліктеріне шолу жасады. 

Толығырақ

03.10.2024

Алдын алу – сыбайлас жемқорлықпен күрестің негізгі бағыты

Білім мазмұнын сараптау орталығының әкімшілік-ұйымдастыру бөлімінің басшысы Мұрат Асамбаев Орталық қызметкерлерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дамытудың негізгі қағидаттары мен тәсілдерімен таныстырды.

Толығырақ

27.09.2024

Білім мазмұнын сараптау орталығы оқу басылымдарын сараптамаға тапсыру үшін қажетті құжаттар тізімін ұсынады

Білім мазмұнын сараптау орталығы оқу басылымдарын сараптамаға қабылдауды жалғастыруда.

Толығырақ

26.09.2024

Оқулық сарапшыларына арналған қайта даярлау курстары басталды

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министірлігі Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы биылғы жылдың 23 қыргүйегінен бастап онлайн форматта «Оқулықтар мен ОӘК сапасын талдау және бағалау бойынша оқу әдебиеті сарапшыларының дағдыларын жетілдіру» тақырыбында қайта даярлау курс өткізуде.

Толығырақ

26.09.2024

Жалпықалалық сенбілік

БМСО қызметкерлері қалалық сенбілікке қатысты

Толығырақ

26.09.2024

📚 2025-2026 оқу жылы: 31 пилоттық мектепте жаңа оқулықтар апробациядан өтуде 

🔷 Биыл 2 қыркүйектен бастап еліміздің 31 пилоттық мектебінде ҚР Оқу-ағарту министрлігі Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығының басшылығымен 2025-2026 оқу жылына арналған жаңа оқулықтар апробациядан өтуде.

Толығырақ

13.09.2024

Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығының Ғылыми кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығының Ғылыми кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Толығырақ

13.09.2024

Қоғамдық талқылау өтуде

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы ағымдағы жылдың 2 қыркүйектен бастап жаңадан әзірленген оқулықтарға қоғамдық талқылау өтетінін

Толығырақ

02.09.2024

Оқулықтар пилоттық мектептерде сынақтан өтеді

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Республикалық ғылыми-практикалық орталығының жетекшілігімен 2024 жылғы 2 қыркүйектен бастап пилоттық мектептерде жаңа оқулықтарды сынақтан өткізу басталды. 

Толығырақ

02.09.2024

«Жалпыға бірдей декларациялау»

Республикалық ғылыми-практикалық білім  мазмұнын сараптау орталығының директоры «Жалпыға бірдей декларациялау» тақырыбында маңызды отырыс өткізді Білім беру мазмұнын сараптау орталығының

Толығырақ

28.08.2024

Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығына қалың қоғамға танымал ҚР оқу-ағарту министрлігінің Қоғамдық кеңесінің мүшесі, білім беру ісінің құрметті қызметкері, @pedsovet.kz парақшасының авторы, блогер Кауров Станислав Сергеевич қонақ болып келді.

Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығына қалың қоғамға танымал ҚР оқу-ағарту министрлігінің Қоғамдық кеңесінің мүшесі, білім беру ісінің құрметті қызметкері, @pedsovet.kz парақшасының авторы, блогер Кауров Станислав Сергеевич қонақ болып келді.

Толығырақ

25.06.2024

Оқу -ағарту министірлігі пайдалануға ұсынылған оқулықтардың тізбесі жарияланды.

Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы жаңа тізбесі жарияланды.

Толығырақ

25.06.2024

Мамырдың 27-30 аралығында Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығының қызметкерлері Түркияның Эрзурум қаласындағы Ататүрік университетінде өткен ғылыми семинарға қатысты.

Семинар «Жаратылыстану-математика бағытындағы мектеп оқулықтарының ұғымдық-терминологиялық аппаратын жүйелеудің ғылыми-әдістемелік негіздері» тақырыбына арналды. Кездесуде жаратылыстану және математика пәндеріне арналған мектеп оқулықтарының терминологиясын талқылау және нақтылау мақсатында Түркия мен Қазақстаннан келген оқытушылар мен сарапшылар бас қосты. Семинардың басты мақсаты – оқу материалдарының бірізділігі мен анықтығын зерттеу болды.

Толығырақ

05.06.2024

БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСТАРЫН ӘЗІРЛЕУШІЛЕР НАЗАРЫНА!

Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы оқу процесінде пайдаланылатын барлық оқу материалдарына, оның ішінде цифрлық білім беру ресурстарына, видеосабақтарға сараптама жүргізеді.

Толығырақ

30.04.2024

«Таза Қазақстан. Астана-Тазалық пен тәртіптің үлгісі»

Сенбілік

Толығырақ

27.04.2024

ОҚУЛЫҚТАРДЫҢ ОНЛАЙН КӨРМЕСІ ЖАЛҒАСУДА

Оқулықтардың онлайн көрмесі жалғасуда Бүгінгі тұсаукесерге Жетісу, Абай, Қарағанды және Түркістан облыстарының өкілдері қатысты.

Толығырақ

24.04.2024

ПРОДОЛЖАЕТСЯ ОНЛАЙН ВЫСТАВКА УЧЕБНИКОВ

В рамках онлайн-выставки "Жаңа оқу жылындағы мектеп оқулықтары" была организована презентация учебных материалов, представленных 13 издательствами, для Жамбылской, Кызылординской, Павлодарской и Восточно-Казахстанской областей.

Толығырақ

24.04.2024

ОҚУЛЫҚТАРДЫҢ ОНЛАЙН КӨРМЕСІ ЖАЛҒАСУДА

«Жаңа оқу жылындағы мектеп оқулықтары» онлайн көрмесі аясында Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Шығыс Қазақстан өңірлері үшін оқулықтардың таныстырылымы ұйымдастырылды. Көрмеде Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары М.Т. Мелдебекова және Орталық директорының орынбасары Н.Б. Габдушев төрағалық жасады.

Толығырақ

24.04.2024

МЕКТЕП ОҚУЛЫҚТАРЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ОНЛАЙН КӨРМЕСІ ӨТТІ

Сәурдің 22 күні Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығында мектеп оқулықтарының алғашқы онлайн-көрмесі өтті.

Толығырақ

23.04.2024

ПРИГЛАШАЕМ СТАТЬ ЭКСПЕРТОМ УЧЕБНИКОВ!

В мае текущего года Республиканский научно-практический центр экспертизы содержания образования планирует проведение трёхмесячных курсов повышения квалификации педагогов для экспертизы учебников и учебно-методических комплексов (УМК). Название программы: «Развитие профессиональных компетенций экспертов по научно-педагогической экспертизе учебников и УМК»

Толығырақ

19.04.2024

ОҚУЛЫҚ САРАПШЫСЫ БОЛУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы осы жылдың мамыр айында оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді (ОӘК) сараптауға арналған үш айлық «Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерге ғылыми-педагогикалық сараптама жүргізу бойынша сарапшылардың кәсіби құзыреттілігін дамыту» курстарын бастауды жоспарлауда.

Толығырақ

19.04.2024

ASTANA EURASIAN BOOK FAIR 2024

Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығының басшылығы мен қызметкерлері сәуірдің 17-24 аралығында «Foliant» баспасы ұйымдастырған ASTANA EURASIAN BOOK FAIR 2024 көрмесіне қатысуда

Толығырақ

19.04.2024

2024-2025 ОҚУ ЖЫЛЫНДА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНА ҰСЫНЫЛАТЫН ОҚУ ӘДЕБИЕТТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

2024-2025 оқу жылында орта білім беру ұйымдарына пайдалануға ұсынылатын оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерге, оның ішінде электронды оқу басылымдарына сараптама жүргізудің соңғы кезеңі – пәндік сараптамалық комиссия отырысы өз жұмысын аяқтады.

Толығырақ

10.04.2024

МЕМЛЕКЕТТІК ЖАЛПЫҒА МІНДЕТТІ БІЛІМ БЕРУ СТАНДАРТЫНЫҢ, ҮЛГІЛІК ОҚУ ЖОСПАРЛАРЫНЫҢ ЖЕТІЛДІРІЛГЕН ЖОБАСЫ ОҚУЛЫҚ АВТОРЛАРЫНА ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Бүгін ҚР Оқу-ағарту министрлігі республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы директорының...

Толығырақ

28.02.2024

Қоғамдық талқылау өтеді

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы ағымдағы жылдың 12 ақпаннан бастап жаңадан әзірленген оқулықтарға қоғамдық талқылау өтетінін хабарлайды.

Толығырақ

21.02.2024

ЕTANDAU электрондық платформаcын қолдану бойынша оқыту семинарлары өтті

Білім беру саласында ашықтық пен объективтілікті қамтамасыз ету мақсатында Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы ЕTANDAU арнайы платформасын әзірледі. Бұл платформа педагогтерге өз пәндері бойынша мектеп оқулықтарын таңдауға мүмкіндік береді.

Толығырақ

01.02.2024

ҒАНИ БЕЙСЕМБАЕВ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНЕ ҚАРАСТЫ ВЕДОМСТВОЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ҰЖЫМДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ведомствоға қарасты ұйымдардың ұжымдарымен кездесу өткізді. Онда 2024 жылы министрліктің алдына қойылған өзекті мәселелер мен міндеттер қаралды.

Толығырақ

12.01.2024

Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтар мен ОӘК сараптамасына арналған пәндік сараптамалық комиссия отырысының жұмысы аяқталды ⠀

2024-2025 оқу жылында орта білім беру ұйымдарына пайдалануға ұсынылатын оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерге, оның ішінде электронды оқу басылымдарына сараптама жүргізудің соңғы кезеңі – пәндік сараптамалық комиссия отырысы өз жұмысын аяқтады.

Толығырақ

20.12.2023

ОҚУЛЫҚТАР МАЗМҰНЫНА САРАПТАМА ЖҮРГІЗУГЕ АРНАЛҒАН ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПЛАТФОРМА ӘЗІРЛЕНДІ

2024 жылы оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды сараптау жұмыстарын арнайы электрондық платформада жүргізуге көшіру жоспарлануда. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы хабарлады.

Толығырақ

04.12.2023

ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТАРДЫ ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Қазан – қараша аралығында Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығының ұйымдастыруымен электрондық оқулықтарды оқу процесінде пайдалану бойынша мектеп директорларымен онлайн кездесулер өтті. Оған 20 өңірден 40 мектеп директоры және білім басқармаларынан 40 қызметкер қатысты.

Толығырақ

04.12.2023

384 педагог Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығының сарапшылар базасына сарапшы ретінде кірді

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығының ұйымдастыруымен өткен оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді ғылыми-педагогикалық сараптау бойынша сарапшылардың құзіретін арттыру семинары аяқталды.

Толығырақ

16.11.2023

БМСО директорының орынбасары Мәншүк Мұқаметқали “Ерен еңбегі үшін” медалімен наградталды

Республика күніне орай Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы директорының орынбасары Мәншүк Мұқаметқали білім беру саласында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, білім сапасын жақсартуға үлес қосқаны үшін “Ерен еңбегі үшін” медалімен наградталды.

Толығырақ

27.10.2023

БМСО мамандары Грузия еліне іссапармен барды

24 қазан күні Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы директорының орынбасары Мәншүк Мұқаметқали және орталықтың жетекші сарапшысы Толқын Айтқазина Грузия Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және жалпы білім беруді дамыту департаментінің өкілдерімен кездесті.

Толығырақ

25.10.2023

Оқулықтар сапасына мониторинг жүргізуге арналған платформа әзірленді

Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы оқулықтардың сапасына мониторинг жүргізуге арналған платформа әзірледі.

Толығырақ

18.10.2023

Білім мазмұнын сараптау орталығы: Жария тыңдау өтті

Бүгін ҚР Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дәуеновтің төрағалымен Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы көрсететін мемлекеттік қызметтер бағасына қатысты жария тыңдау өтті.

Толығырақ

27.09.2023

BMSO бас сарапшысы дүниежүзілік конгресте баяндама жасады

Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы Оқулықтану мәселелерін зерттеу бөлімінің бас сарапшысы, Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Жанат Нурбекова Түркі әлемі математиктерінің VII дүниежүзілік конгресіне қатысып, баяндама жасады.

Толығырақ

22.09.2023

Ұстаздар, оқушылар және ата-аналар назарына!

Тексерілген, ресми ақпараттар тек Оқу-ағарту министрлігінің және BMSO.EDU.KZ сайтында!

Толығырақ

12.09.2023

Мемлекеттік қызметті алу кезінде мектеп оқулықтарын әзірлеушілерге қосымша мүмкіндік беріледі

«Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтарды және мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендерді дайындау, сараптау, сынақтан өткізу және мониторинг жүргізу, басып шығару жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 24 шілдедегі № 344 бұйрығына (19-тармақ) өзгерістер енгізілді.

Толығырақ

31.08.2023

БМСО ғылыми-техникалық жобалар бойынша грант жеңіп алды

Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурсқа қатысып, жеңімпаз атанды.

Толығырақ

25.08.2023

Оқулықтар мазмұнын сараптауға арналған электронды платформа әзірленуде

2024 жылдан бастап білім беру мазмұны мен білім беру ресурстарының сапасын бағалау және сараптау электрондық платформада жүзеге асырылады деп жоспарлануда. Қазіргі таңда платформа 90%-ға дайын. Бұл туралы ғылыми-зерттеу жобасының жетекшісі Ж. Нұрбекованың презентациясында белгілі болды.

Толығырақ

21.08.2023

2023-2024 оқу жылы: Оқулықтарды өңірлерге жеткізу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Жаңа оқу жылына арналған оқулықтардың 40%-тан астамы жөнелтіліп, оның 22%-ы – өңірлерге жеткізілді. Бұл туралы республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы хабарлайды.

Толығырақ

15.08.2023

Цифрлық білім беру ресурстары мен электрондық оқулықтарды пайдалану мәселелері талқыланды

Бүгін, 14 тамызда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен оқу процесінде цифрлық білім беру ресурстары мен электрондық оқулықтарды пайдалану мәселелері бойынша кеңес өтті. Отырысқа Оқу-ағарту, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Әділет вице-министрлері және НЗМ, Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, «Талдау» АҚ, баспалар және IT-компаниялар өкілдері қатысты.

Толығырақ

14.08.2023

10 тамыз — Абай күні құтты болсын!

Абай Құнанбайұлы - қазақтың данышпан ақыны, ойшыл, дана ғұламасы, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы.

Толығырақ

10.08.2023

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ БІЛІМ МАЗМҰНЫН САРАПТАУ ОРТАЛЫҒЫНА ЖАҢА БАСШЫ КЕЛДІ

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың 24 шілдедегі бұйрығымен Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығының директоры қызметіне Абдрахманова Назира Кабдоллаевна тағайындалды.

Толығырақ

25.07.2023

БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫН ЦИФРЛЫҚ ОҚУЛЫҚТАРМЕН ҚАМТУ ЖӨНІНДЕ

Бүгінде үлгілік оқу жоспарында берілген бастауыш, негізгі және жалпы орта білім деңгейлері бойынша пәндердің цифрлық оқулықтармен 79,2%-ды құрап отыр.

Толығырақ

14.07.2023

ОҚУЛЫҚТЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН МАЗМҰНЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ЖАҢА ТАЛАПТАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Оқулық әзірлеуші авторлар мен оның бағасын беретін сарапшылар жұмыс барысында негізге алатын құжаттың бірі – Мектеп оқулықтары және мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған ОӘК-тің құрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптар (ҚР БҒМ 05.04.2022 ж. № 132 бұйрығы).

Толығырақ

10.07.2023

Баршаңызды Астана күні мерекесімен құттықтаймыз!

Астананың туған күні - барлығымызға қымбат,  жалпыхалықтық мереке. Астана – тәуелсіздіктің белгісі. Елдің, халықтың, қоғамның жаңа тарихының көрінісі. 

Толығырақ

06.07.2023

ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КІТАПХАНАСЫ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСТА ОҚУЫНА КІТАПТАР ТІЗІМІН ҰСЫНАДЫ.

Бұл кітаптар оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай, 1-ден 11 сыныптарға бөлінген.

Толығырақ

01.07.2023

ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Құрбан айт мерекесі құтты болсын! Құрметпен, BMSO ұжымы

Толығырақ

28.06.2023

ПРЕЗИДЕНТ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ ҒАНИ БЕЙСЕМБАЕВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ

▪️ Қыркүйек айынан бастап мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі педагогтардың еңбекақысы 30 пайызға өседі;

Толығырақ

23.06.2023

📚 ОҚУЛЫҚТАР МЕН ОӘК-НІ САРАПТАУ КЕЗЕҢДЕРІ

🔍 ҚР Оқу-ағарту министрлігі республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы (BMSO) оқу басылымдарын зерделеу жұмысын ұйымдастырады.

Толығырақ

22.06.2023

БІЛІМ БАСҚАРМАЛАРЫНА КЕШЕНДІ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

🔹Жергілікті атқарушы органдардың білім саласындағы қызметін үйлестіру мен әдістемелік басшылықты жүзеге асыру мақсатында ағымдағы жылғы 5 маусым мен 5 шілде аралығында Оқу-ағарту министрлігі білім басқармаларының қызметіне кешенді мониторинг жүргізуде.

Толығырақ

14.06.2023

12 МАУСЫМ - ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ АЗА ТҰТУ КҮНІ.

Тиісті өкімге Мемлекет басшысы қол қойды. Ел бойынша мемлекеттік тулар жартылай түсірілді. Ойын-сауық іс-шаралары мен телерадио бағдарламаларын тарату тоқтатылды.

Толығырақ

12.06.2023

BMSO ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ШЕТЕЛДЕ КОРЕЙТАНУДЫ ҚОЛДАУ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ГРАНТ ҰТЫП АЛДЫ

Bmso-ның оқулықтану мәселелері зерттеу бөлімінің қызметкерлері Корея туралы білім беру мазмұнын әзірлеу бойынша гранттық жобаны жеңіп алды.

Толығырақ

08.06.2023

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ОҚЫТУ МЕН ТӘРБИЕЛЕУ ДЕНГЕЙІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІН САРАПТАУ БОЙЫНША СЕМИНАР

Ағымдағы жылғы 25-26 мамырда республикалық ғылыми-практикалық білім беру мазмұнын сараптау орталығының оқулықтар мәселелерін зерттеу бөлімі "Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу деңгейінің оқу-әдістемелік кешеннің ғылыми-педагогикалық сараптау тақырыбы бойынша сарапшылар әлеуетінің кәсіби құзыреттерін арттыру семинары өткізді. Семинарға 130 педагог қатысты, оның ішінде 8-нің ғылыми дәрежесі бар.

Толығырақ

02.06.2023

31 МАМЫР — САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ КҮНІ.

31 мамыр – Қазақстан тарихының ең қайғылы беттерінің бірі - жаппай саяси қуғын-сүргін және миллиондаған адамның қаза болуына әкеп соққан ашаршылық.

Толығырақ

31.05.2023

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ОҚЫТУ МЕН ТӘРБИЕЛЕУ ДЕНГЕЙІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІН САРАПТАУ БОЙЫНША СЕМИНАР

Ағымдағы жылғы 25-26 мамырда республикалық ғылыми-практикалық білім беру мазмұнын сараптау орталығының оқулықтар мәселелерін зерттеу бөлімі "Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу деңгейінің оқу-әдістемелік кешеннің ғылыми-педагогикалық сараптау тақырыбы бойынша сарапшылар әлеуетінің кәсіби құзыреттерін арттыру семинары өткізді. Семинарға 130 педагог қатысты, оның ішінде 8-нің ғылыми дәрежесі бар.

Толығырақ

25.05.2023

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!`

Сіздерді ұлттық мерекелеміз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын!

Толығырақ

30.08.2021