Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығының ғылыми кеңесінің кезекті отырысы өтті.
отырыста келесі сұрақтар талқыланды:
1️⃣ тақырыптық жоспар – 2024 жылға арналған жоспарға өзгерістер енгізу және 2025 жылға жаңа жоспар құру туралы ұсыныстар қабылданды.
2️⃣ мектепке дейінгі және бастауыш білім беру басылымдарын және негізгі және жалпы орта білім беру басылымдарын сараптау – білім беру деңгейлері бойынша сынақтар мен сараптама нәтижелері қорытындыланды.
3️⃣ сарапшыларды оқыту бағдарламасы мен сарапшылар базасына конкурстық іріктеу ережелері талқыланды.
4️⃣ e-expert платформасы – сарапшыларды асинхронды оқытуға арналған платформа таныстырылды.
5️⃣ орталықтың 20 жылдығы – мерейтойға арналған іс-шаралар жоспары талқыланды.
📝 жиын барысында әр баяндамашының ұсыныстары тыңдалып, келесі жылға нақты мақсаттар қойылды.
2024 жылы Түркістан қаласында «Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамытуда интерпретация: оқу мен жазу сауаттылығы» атты республикалық практикалық семинар өтті. Іс-шараның басты мақсаты – оқу процесін тиімді ұйымдастыру арқылы оқушылардың оқу және жазу қабілеттерін дамыту, сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыру. Семинар барысында Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығының Орта білім берудің оқу басылымдарын сараптау бөлімінің басшысы Ләззат Рысбекқызы Баимбетова қатысып, онлайн форматта сөз сөйледі. Ол қазіргі заманғы оқулықтарға қойылатын талаптар жайлы баяндама жасап, білім беру саласындағы жаңа бағыттарға тоқталды.
Толығырақ
13.11.2024Бүгін Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығымен ұйымдастырылған «Функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған тапсырмаларды пайдалану» семинары аясында оқулық авторларынан шеберлік кластары өтті. Шеберлік кластарында «Атамұра», «Мектеп», «Алматыкітап», «Арман-ПВ», «Көкжиек-Горизонт», «Жазушы», «Келешек-2030» баспаларынан физика, химия, биология, география, қазақ әдебиеті, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс әдебиеті, ағылшын тілі мен әдебиеті, алгебра және геометрия оқулықтарының авторлары 8, 9, 10-сыныптарда функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған тапсырмаларды ұсынып, оларды мектеп оқулықтарында қолданудың ерекшеліктерін талқылады. Математикалық, оқу және функционалдық сауаттылықтар бойынша өткен шеберлік кластарында педагог-зерттеушілер, шеберлер мен ғылым кандидаттары өз тәжірибелерімен бөлісті. Екі күн ішінде іс-шараға 1200-ден астам маман қатысты. Дәріс соңында қатысушылар функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған тапсырмалар туралы сұрақтарын қойып, өзара пікір алмасты.
Толығырақ
08.11.2024Бүгін Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығымен бірлесіп, «Функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған тапсырмаларды пайдалану» тақырыбында онлайн-дәріс өткізді. 📝Дәріс барысында «Талдау» НЦИО АҚ өкілдері – Қартбаев Берікбол Айтқожұлы, Баймаханбетов Мұхит және Дыбачевская Надежда – оқулық авторлары мен әдіскерлерге функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған тапсырмалардың ерекшеліктері мен олардың қазіргі оқулықтардағы рөлі туралы баяндады. 📎Іс-шараға 500-ден астам маман қатысты. Дәріс соңында қатысушылар функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған тапсырмалар жайлы сұрақтарын қойып, өзара пікір алмасты. Аталған іс-шара екі күнге жоспарланған. Екінші күні физика, химия, биология, география, қазақ әдебиеті, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, алгебра және геометрия оқулықтарының авторларынан 8, 9, 10 сыныптарға арналған функционалдық сауаттылықты қалыптастыру тапсырмаларын қолдану бойынша шеберлік-класстары өтеді.
Толығырақ
07.11.2024Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығының ғылыми кеңесінің кезекті отырысы өтті. отырыста келесі сұрақтар талқыланды: 1️⃣ тақырыптық жоспар – 2024 жылға арналған жоспарға өзгерістер енгізу және 2025 жылға жаңа жоспар құру туралы ұсыныстар қабылданды. 2️⃣ мектепке дейінгі және бастауыш білім беру басылымдарын және негізгі және жалпы орта білім беру басылымдарын сараптау – білім беру деңгейлері бойынша сынақтар мен сараптама нәтижелері қорытындыланды. 3️⃣ сарапшыларды оқыту бағдарламасы мен сарапшылар базасына конкурстық іріктеу ережелері талқыланды. 4️⃣ e-expert платформасы – сарапшыларды асинхронды оқытуға арналған платформа таныстырылды. 5️⃣ орталықтың 20 жылдығы – мерейтойға арналған іс-шаралар жоспары талқыланды. 📝 жиын барысында әр баяндамашының ұсыныстары тыңдалып, келесі жылға нақты мақсаттар қойылды.
Толығырақ
31.10.2024Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығымен және Астана қаласының білім басқармасымен бірлесіп, халықаралық зерттеулерге табысты қатысу үшін қажетті дағдыларды дамытуға көмектесетін тапсырмаларды анықтау мақсатында жаратылыстану ғылымдары, математика және тіл пәндері бойынша оқулықтарға талдау жүргізді. Жиын барысында «Талдау» орталығының мамандары халықаралық талаптарға сай жаратылыстану, оқу және математикалық сауаттылықты дамытуға арналған тапсырмалардың үлгілерін көрсетті. Одан кейін химия, физика, геометрия, алгебра, қазақ және орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері 9-10-сынып оқулықтарын жан-жақты талдап, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға ықпал ететін тапсырмалардың бар-жоғын тексерді. Талдаудың негізгі мақсаты – мектеп оқушыларының білім деңгейін көтеру және оқу материалдарын халықаралық стандарттарға сәйкестендіріп жетілдіру болып табылады.
Толығырақ
24.10.2024Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығында енді кері байланыс BMSO.kz сайтында WhatsApp түймесі арқылы қолжетімді. Оқулықтар, олардың сараптамасы, сатып алу және мониторинг бойынша сұрақтар қоюға мүмкіндік бар. Біз сізге әрқашан көмектесуге дайынбыз!
Толығырақ
22.10.2024Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы білім беру мен білім беру ресурстарының сапасын арттыру мақсатында білім беру мазмұнын сараптаудың көпфункционалды моделіне көшуді қолға алуда. 🖇Орта және мектепке дейінгі білім беруге арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерге дәстүрлі сараптамадан бөлек, жаңа нысандарға сараптамалық талдау жүргізіледі, оның ішінде: - Үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламалары; - Инновациялық білім беру ресурстары; - Вариативті курстардың оқу жоспарлары; - Білім беру мекемелеріне арналған оқу және мектептен тыс жұмыстардың бағдарламалары; - Мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарына арналған білім беру бағдарламалары.
Толығырақ
11.10.2024Еліміздің алты өңірінде жаңа оқулықтарды сынақтан өткізу сәтті аяқталды. Сынаққа 31 мектеп, 118 мұғалім және 35 380 оқушы қатысты. Сынақтың басты мақсаты – жаңа бағдарлама негізінде жасалған 4-сыныпқа арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің күшті және әлсіз жақтарын анықтау болды. Сынақ аясында «Бейнелеу өнері», «Еңбекке баулу», «Орыс тілі» (оқыту орыс тілінде емес), «Шетел тілдері» (ағылшын, неміс, француз) және «Цифрлық сауаттылық» (электрондық оқулық) пәндері бойынша оқулықтар бағаланды. Орталық қызметкерлері Ақмола, Абай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Астана қаласындағы пилоттық мектептерде өткізілген сабақтарға қатысты. Сонымен қатар, оқушылар және әдістемелік кеңестермен сұхбаттар ұйымдастырылды. Мұғалімдердің барлық ескертулері мен ұсыныстары алдағы уақытта мұқият талданып, ескерілетін болады.
Толығырақ
07.10.2024🫂Халықаралық қарттар күні мерекесі аясында Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы ұжымы орталық ардагерлерін мерекелерімен құттықтап, сый-сияпат жасады.
Толығырақ
03.10.2024Бүгін Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығында электронды және қағаз оқулықтарды сараптау және мониторинг жүргізудің өзекті мәселелері талқыланған маңызды отырыс өтті. Отырысқа қатысушылар оқулықтардың артықшылықтары мен кемшіліктеріне шолу жасады.
Толығырақ
03.10.2024Білім мазмұнын сараптау орталығының әкімшілік-ұйымдастыру бөлімінің басшысы Мұрат Асамбаев Орталық қызметкерлерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дамытудың негізгі қағидаттары мен тәсілдерімен таныстырды.
Толығырақ
27.09.2024Білім мазмұнын сараптау орталығы оқу басылымдарын сараптамаға қабылдауды жалғастыруда.
Толығырақ
26.09.2024Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министірлігі Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы биылғы жылдың 23 қыргүйегінен бастап онлайн форматта «Оқулықтар мен ОӘК сапасын талдау және бағалау бойынша оқу әдебиеті сарапшыларының дағдыларын жетілдіру» тақырыбында қайта даярлау курс өткізуде.
Толығырақ
26.09.2024БМСО қызметкерлері қалалық сенбілікке қатысты
Толығырақ
26.09.2024🔷 Биыл 2 қыркүйектен бастап еліміздің 31 пилоттық мектебінде ҚР Оқу-ағарту министрлігі Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығының басшылығымен 2025-2026 оқу жылына арналған жаңа оқулықтар апробациядан өтуде.
Толығырақ
13.09.2024Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығының Ғылыми кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Толығырақ
13.09.2024ҚР Оқу-ағарту министрлігі Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы ағымдағы жылдың 2 қыркүйектен бастап жаңадан әзірленген оқулықтарға қоғамдық талқылау өтетінін
Толығырақ
02.09.2024ҚР Оқу-ағарту министрлігі Республикалық ғылыми-практикалық орталығының жетекшілігімен 2024 жылғы 2 қыркүйектен бастап пилоттық мектептерде жаңа оқулықтарды сынақтан өткізу басталды.
Толығырақ
02.09.2024Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығының директоры «Жалпыға бірдей декларациялау» тақырыбында маңызды отырыс өткізді Білім беру мазмұнын сараптау орталығының
Толығырақ
28.08.2024Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығына қалың қоғамға танымал ҚР оқу-ағарту министрлігінің Қоғамдық кеңесінің мүшесі, білім беру ісінің құрметті қызметкері, @pedsovet.kz парақшасының авторы, блогер Кауров Станислав Сергеевич қонақ болып келді.
Толығырақ
25.06.2024Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы жаңа тізбесі жарияланды.
Толығырақ
25.06.2024Семинар «Жаратылыстану-математика бағытындағы мектеп оқулықтарының ұғымдық-терминологиялық аппаратын жүйелеудің ғылыми-әдістемелік негіздері» тақырыбына арналды. Кездесуде жаратылыстану және математика пәндеріне арналған мектеп оқулықтарының терминологиясын талқылау және нақтылау мақсатында Түркия мен Қазақстаннан келген оқытушылар мен сарапшылар бас қосты. Семинардың басты мақсаты – оқу материалдарының бірізділігі мен анықтығын зерттеу болды.
Толығырақ
05.06.2024Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы оқу процесінде пайдаланылатын барлық оқу материалдарына, оның ішінде цифрлық білім беру ресурстарына, видеосабақтарға сараптама жүргізеді.
Толығырақ
30.04.2024Сенбілік
Толығырақ
27.04.2024Оқулықтардың онлайн көрмесі жалғасуда Бүгінгі тұсаукесерге Жетісу, Абай, Қарағанды және Түркістан облыстарының өкілдері қатысты.
Толығырақ
24.04.2024В рамках онлайн-выставки "Жаңа оқу жылындағы мектеп оқулықтары" была организована презентация учебных материалов, представленных 13 издательствами, для Жамбылской, Кызылординской, Павлодарской и Восточно-Казахстанской областей.
Толығырақ
24.04.2024«Жаңа оқу жылындағы мектеп оқулықтары» онлайн көрмесі аясында Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Шығыс Қазақстан өңірлері үшін оқулықтардың таныстырылымы ұйымдастырылды. Көрмеде Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары М.Т. Мелдебекова және Орталық директорының орынбасары Н.Б. Габдушев төрағалық жасады.
Толығырақ
24.04.2024Сәурдің 22 күні Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығында мектеп оқулықтарының алғашқы онлайн-көрмесі өтті.
Толығырақ
23.04.2024В мае текущего года Республиканский научно-практический центр экспертизы содержания образования планирует проведение трёхмесячных курсов повышения квалификации педагогов для экспертизы учебников и учебно-методических комплексов (УМК). Название программы: «Развитие профессиональных компетенций экспертов по научно-педагогической экспертизе учебников и УМК»
Толығырақ
19.04.2024Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы осы жылдың мамыр айында оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді (ОӘК) сараптауға арналған үш айлық «Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерге ғылыми-педагогикалық сараптама жүргізу бойынша сарапшылардың кәсіби құзыреттілігін дамыту» курстарын бастауды жоспарлауда.
Толығырақ
19.04.2024Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығының басшылығы мен қызметкерлері сәуірдің 17-24 аралығында «Foliant» баспасы ұйымдастырған ASTANA EURASIAN BOOK FAIR 2024 көрмесіне қатысуда
Толығырақ
19.04.20242024-2025 оқу жылында орта білім беру ұйымдарына пайдалануға ұсынылатын оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерге, оның ішінде электронды оқу басылымдарына сараптама жүргізудің соңғы кезеңі – пәндік сараптамалық комиссия отырысы өз жұмысын аяқтады.
Толығырақ
10.04.2024Бүгін ҚР Оқу-ағарту министрлігі республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы директорының...
Толығырақ
28.02.2024ҚР Оқу-ағарту министрлігі Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы ағымдағы жылдың 12 ақпаннан бастап жаңадан әзірленген оқулықтарға қоғамдық талқылау өтетінін хабарлайды.
Толығырақ
21.02.2024Білім беру саласында ашықтық пен объективтілікті қамтамасыз ету мақсатында Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы ЕTANDAU арнайы платформасын әзірледі. Бұл платформа педагогтерге өз пәндері бойынша мектеп оқулықтарын таңдауға мүмкіндік береді.
Толығырақ
01.02.2024Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ведомствоға қарасты ұйымдардың ұжымдарымен кездесу өткізді. Онда 2024 жылы министрліктің алдына қойылған өзекті мәселелер мен міндеттер қаралды.
Толығырақ
12.01.20242024-2025 оқу жылында орта білім беру ұйымдарына пайдалануға ұсынылатын оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерге, оның ішінде электронды оқу басылымдарына сараптама жүргізудің соңғы кезеңі – пәндік сараптамалық комиссия отырысы өз жұмысын аяқтады.
Толығырақ
20.12.20232024 жылы оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды сараптау жұмыстарын арнайы электрондық платформада жүргізуге көшіру жоспарлануда. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы хабарлады.
Толығырақ
04.12.2023Қазан – қараша аралығында Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығының ұйымдастыруымен электрондық оқулықтарды оқу процесінде пайдалану бойынша мектеп директорларымен онлайн кездесулер өтті. Оған 20 өңірден 40 мектеп директоры және білім басқармаларынан 40 қызметкер қатысты.
Толығырақ
04.12.2023ҚР Оқу-ағарту министрлігі Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығының ұйымдастыруымен өткен оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді ғылыми-педагогикалық сараптау бойынша сарапшылардың құзіретін арттыру семинары аяқталды.
Толығырақ
16.11.2023Республика күніне орай Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы директорының орынбасары Мәншүк Мұқаметқали білім беру саласында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, білім сапасын жақсартуға үлес қосқаны үшін “Ерен еңбегі үшін” медалімен наградталды.
Толығырақ
27.10.202324 қазан күні Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы директорының орынбасары Мәншүк Мұқаметқали және орталықтың жетекші сарапшысы Толқын Айтқазина Грузия Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және жалпы білім беруді дамыту департаментінің өкілдерімен кездесті.
Толығырақ
25.10.2023Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы оқулықтардың сапасына мониторинг жүргізуге арналған платформа әзірледі.
Толығырақ
18.10.2023Бүгін ҚР Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дәуеновтің төрағалымен Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы көрсететін мемлекеттік қызметтер бағасына қатысты жария тыңдау өтті.
Толығырақ
27.09.2023Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы Оқулықтану мәселелерін зерттеу бөлімінің бас сарапшысы, Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Жанат Нурбекова Түркі әлемі математиктерінің VII дүниежүзілік конгресіне қатысып, баяндама жасады.
Толығырақ
22.09.2023Тексерілген, ресми ақпараттар тек Оқу-ағарту министрлігінің және BMSO.EDU.KZ сайтында!
Толығырақ
12.09.2023«Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтарды және мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендерді дайындау, сараптау, сынақтан өткізу және мониторинг жүргізу, басып шығару жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 24 шілдедегі № 344 бұйрығына (19-тармақ) өзгерістер енгізілді.
Толығырақ
31.08.2023Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурсқа қатысып, жеңімпаз атанды.
Толығырақ
25.08.20232024 жылдан бастап білім беру мазмұны мен білім беру ресурстарының сапасын бағалау және сараптау электрондық платформада жүзеге асырылады деп жоспарлануда. Қазіргі таңда платформа 90%-ға дайын. Бұл туралы ғылыми-зерттеу жобасының жетекшісі Ж. Нұрбекованың презентациясында белгілі болды.
Толығырақ
21.08.2023Жаңа оқу жылына арналған оқулықтардың 40%-тан астамы жөнелтіліп, оның 22%-ы – өңірлерге жеткізілді. Бұл туралы республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы хабарлайды.
Толығырақ
15.08.2023Бүгін, 14 тамызда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен оқу процесінде цифрлық білім беру ресурстары мен электрондық оқулықтарды пайдалану мәселелері бойынша кеңес өтті. Отырысқа Оқу-ағарту, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Әділет вице-министрлері және НЗМ, Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, «Талдау» АҚ, баспалар және IT-компаниялар өкілдері қатысты.
Толығырақ
14.08.2023Абай Құнанбайұлы - қазақтың данышпан ақыны, ойшыл, дана ғұламасы, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы.
Толығырақ
10.08.2023Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың 24 шілдедегі бұйрығымен Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығының директоры қызметіне Абдрахманова Назира Кабдоллаевна тағайындалды.
Толығырақ
25.07.2023Бүгінде үлгілік оқу жоспарында берілген бастауыш, негізгі және жалпы орта білім деңгейлері бойынша пәндердің цифрлық оқулықтармен 79,2%-ды құрап отыр.
Толығырақ
14.07.2023Оқулық әзірлеуші авторлар мен оның бағасын беретін сарапшылар жұмыс барысында негізге алатын құжаттың бірі – Мектеп оқулықтары және мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған ОӘК-тің құрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптар (ҚР БҒМ 05.04.2022 ж. № 132 бұйрығы).
Толығырақ
10.07.2023Астананың туған күні - барлығымызға қымбат, жалпыхалықтық мереке. Астана – тәуелсіздіктің белгісі. Елдің, халықтың, қоғамның жаңа тарихының көрінісі.
Толығырақ
06.07.2023Бұл кітаптар оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай, 1-ден 11 сыныптарға бөлінген.
Толығырақ
01.07.2023Құрбан айт мерекесі құтты болсын! Құрметпен, BMSO ұжымы
Толығырақ
28.06.2023▪️ Қыркүйек айынан бастап мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі педагогтардың еңбекақысы 30 пайызға өседі;
Толығырақ
23.06.2023🔍 ҚР Оқу-ағарту министрлігі республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы (BMSO) оқу басылымдарын зерделеу жұмысын ұйымдастырады.
Толығырақ
22.06.2023🔹Жергілікті атқарушы органдардың білім саласындағы қызметін үйлестіру мен әдістемелік басшылықты жүзеге асыру мақсатында ағымдағы жылғы 5 маусым мен 5 шілде аралығында Оқу-ағарту министрлігі білім басқармаларының қызметіне кешенді мониторинг жүргізуде.
Толығырақ
14.06.2023Тиісті өкімге Мемлекет басшысы қол қойды. Ел бойынша мемлекеттік тулар жартылай түсірілді. Ойын-сауық іс-шаралары мен телерадио бағдарламаларын тарату тоқтатылды.
Толығырақ
12.06.2023Bmso-ның оқулықтану мәселелері зерттеу бөлімінің қызметкерлері Корея туралы білім беру мазмұнын әзірлеу бойынша гранттық жобаны жеңіп алды.
Толығырақ
08.06.2023Ағымдағы жылғы 25-26 мамырда республикалық ғылыми-практикалық білім беру мазмұнын сараптау орталығының оқулықтар мәселелерін зерттеу бөлімі "Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу деңгейінің оқу-әдістемелік кешеннің ғылыми-педагогикалық сараптау тақырыбы бойынша сарапшылар әлеуетінің кәсіби құзыреттерін арттыру семинары өткізді. Семинарға 130 педагог қатысты, оның ішінде 8-нің ғылыми дәрежесі бар.
Толығырақ
02.06.202331 мамыр – Қазақстан тарихының ең қайғылы беттерінің бірі - жаппай саяси қуғын-сүргін және миллиондаған адамның қаза болуына әкеп соққан ашаршылық.
Толығырақ
31.05.2023Ағымдағы жылғы 25-26 мамырда республикалық ғылыми-практикалық білім беру мазмұнын сараптау орталығының оқулықтар мәселелерін зерттеу бөлімі "Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу деңгейінің оқу-әдістемелік кешеннің ғылыми-педагогикалық сараптау тақырыбы бойынша сарапшылар әлеуетінің кәсіби құзыреттерін арттыру семинары өткізді. Семинарға 130 педагог қатысты, оның ішінде 8-нің ғылыми дәрежесі бар.
Толығырақ
25.05.2023Сіздерді ұлттық мерекелеміз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын!
Толығырақ
30.08.2021